

Ташкентте Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың жұмыс сапары барысында өткен Қазақстан мен Өзбекстан әйелдерінің бизнес-форумына қазақстандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің өкілдері қатысты.
Ташкенттегі жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің мүдделерін қорғайтын, жеңіл өнеркәсіп өндірушілер одағының президенті Сауле Шауенова форумға қатысушыларға одақтың мақсат-міндеттерін атап көрсетті және жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға арналған бесжылдық Жол картасын ұсынды.
Бесжылдық Жол картасында одақтың негізгі мақсаты ретінде қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің дамуы мен отандық және шетелдік нарықтарда қазақстандық өнімдерді ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар жасауға баса назар аударды. Қоғамдық бірлестіктің құрамына тоқыма, киім, трикотаж, аяқ киім өндірісі, сондай-ақ бас киімдер шығаратын фабрикалар мен Қазақстанның 13 өңірінен шығаратын фирнутура зауыттары кіреді.
Консорциум өзіндік ықпал етумен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда отандық бизнес дамуына ерекше мән берді. Осы ретте “Атамекен ” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен инвестициялар және даму министрлігінің жеңіл өнеркәсіп басқармасының мамандарымен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша бесжылдық Жол картасының жобасын әзірледі, — деп өтті С. Шәуенова өз сөзінде.
Жол картасының миссиясы — отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін шыңдау болып табылады. Сол себепті сапаны арттыру және ассортиментті ұлғайту, сондай-ақ өндіріс шығындарын азайту, әлемдік нарықтарда отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерін брендке айналдыру сынды міндеттерді мақсат тұтып отыр.
Бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына 5 млрд.теңгеден астам сомаға ұлттық инвестиция салынғандығы туралы сөз қозғады. Мемлекет көрсеткен бұл қолдау отандық кәсіпорындарды жаңғыртуға, өнім ассортиментін кеңейтуге ықпал етеді. Жоғарыда аталғандардың барлығы бұл саланы өрге сүйреп, жаңа өндірістерді құруға жол ашады.
Одақ президенті Қазақстан мен Өзбекстанның ортақ ұқсас тұстарын тілге тиек етті. Атап айтар болсақ, географиялық жақындық, ұқсас мәдениет, тарих, адамдардың дүниетанымы, экономиканың ресурсқа тәуелді сипаты екенін еске салды.
Қазақстан ДСҰ және ЕАЭО мүшесі болып табылады. Республика Қытаймен тығыз байланысын және Еуропа мен Азия арасындағы жолда өзінің “транзиттік” географиялық орналасуын кеңінен пайдаланады.
Жеңіл өнеркәсіп өндірушілер одағының президенті Сауле Шауенова: “Біз осы бағыттың перспективалық дамуын көріп отырмыз: Қазақстан аумағында тігін жіптерін, трикотаж жаймасын өндіру саласында бірлескен кәсіпорындар құру. Менің ойымша, бірлескен ынтымақтастық әлеуетін дамыту кезінде біздің елдеріміздің жеңіл өнеркәсіп саласының әлеуеті артумен қатар әлемдік нарыққа шығуда тағы бір серпін алады”, -деп қорытындылады.